Новости

№314 «Маңғышылақ-Атырау» пойызында «Сібір жарасы» аса қауіпті жұқпасы тақырыбында өткізілген оқу-жаттығу.

 

2017 жылдың 25-мамыр күні Атырау темір жол вокзалында Атырау бөлімшелік көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының ұйымдастыруымен «Сібір жарасы» ауруына арналған оқу-жаттығу жұмысы жүргізілді. Жаттығу жергілікті уақытпен 15-10 –да №314 «Маңғышылақ-Атырау» жолаушылар пойызында ұйымдастырылды.

  

Жаттығу жұмысына Атырау темір жол ауруханасының хирург-дәрігері Нығыметова А.Ж. және медбике Мұхаджиева М. есімді медициналық бригадасы кеңес беру тобына «УАЗ» алғашқы жедел-жәрдем автокөлігімен қатынасып, белсенді атсалысты. Сонымен қатар, Атырау обаға қарсы күрес стансасының мамандары, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігер-инфекционисттері және Атырау темір жол дезинфекциясы мекемесінің дезинфектор мамандары қатысты.

 «Денсаулық» пойызы жолға шықты!

 

                Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын, 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Президенттің Қазақстан халқына Жолдау ережелерінің көліктік медицинаны дамыту бөлімін іске асыру мақсатында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 12.08.2011 ж. №341, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің №538 бірлескен бұйрықтары шыққан болатын. 

7-сәуір -  Дүниежүзілік денсаулық күні. 

Дүниежүзілік денсаулық күні – жыл сайын 1948 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) ұйымдасқан күнінен бастап 7- сәуірде атап өтіліп келеді. Дүниежүзілік денсаулық күні жыл сайын әр түрлі ұранмен өткізіледі. 

Итоговое совещание коллектива

 

ФАО «ЖГМК»-Атырауская железнодорожная больница

фото5423

ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы №5-ПГВр «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» қаулысына сай 2017 жылдың 19 қаңтар күні Атырау теміржол ауруханасының мәжіліс залында «Ботулизм. Клиникасы, диагностикасы, патогенезі және емі» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Семинарға қатысқандар: КТЖ «Жүк тасымалы» АҚ «ГП Атырау бөлімшесі» филиалының кадр бөлімінің инспекторы – Б.Қартан. Атырау теміржол ауруханасының директоры С.А.Досжанов, Атырау бөлімшелік көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқарма басшысы И.Шин және басқарма мамандары, Аурухананың барлық бөлім меңгерушілері, дәрігерлері, бас медбике, аға медбикелер,орта буын қызметкерлері, «АТМА-Атырау» әуежайы қызметкерлері, теміржол қызметкерлері.

         Атырау бөлімшелік көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқарма басшысы И.Шин-семинарды ашу кезінде 2016 жылы үй жағдайында дайындалған консервленген тағам өнімдерін (көкөніс салаты, маринадталған қызанақ, қияр, саңырауқұлақ) пайдаланып уланған 28 жағдай тіркеліп, оның ішінде 4-уі өлім жағдайымен аяқталғанын атап өтті. Басқарманың жетекші маманы Гулфарида Ескужиева өзінің баяндамасында ботулизмнің эпидемиологиясына, алдын алу шараларына тоқталса, ал аурухананың дәрігер-хирургі Избасаров Парасат адамда байқалатын клиникалық көріністерін, басқа да қандай аурулармен салыстыруға болатын дифференциалды диагностикасын және де емін толықтай айтып өтті.

          Семинар барысында баяндамашыларға сұрақтар қойылып, қатысушылар өздеріне тиісті жауаптарын алды.