«Денсаулық» пойызы жолға шықты!

 

                Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын, 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Президенттің Қазақстан халқына Жолдау ережелерінің көліктік медицинаны дамыту бөлімін іске асыру мақсатында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 12.08.2011 ж. №341, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің №538 бірлескен бұйрықтары шыққан болатын. Содан бері қарай жыл сайын «Денсаулық» медициналық пойызы облыстың темір жол бекеттерінде жұмыс жасап келеді.

Жылдағыдай биыл да 18 мамырдан бастап  «Денсаулық» медициналық пойызы Атырау облысының темір жол бойы  және маңайдағы шағын ауыл тұрғындарын дәрігерлік қарау мен көмек көрсетуде.

«Денсаулық» медициналық пойызы 19-21 маусым аралығында Жылыой ауданының тұрғындарына медициналық көмек көрсетіп, қазір Мақат ауданында  жұмыс істеуде.   

      

   

Пойыздың медициналық бригадасында бірінші не жоғарғы санаттағы терапевт,педиатр, невропатолог, окулист, лор, гинеколог, хирург, эндоскопист, стоматолог дәрігерлері жұмыс жасайды, оның құрамында  Алматы, Астана клиникаларының мамандары қызмет етуде.

Пойыз компьютерлік спирометрлік жүйе, эхоэнцофалограф, видеогастрофиброскоп, кардиологиялық мониторлы диагностикалық жүктеме тестерді жүргізу жүйесі, велоэргометр, кардиограф және деректерді өңдеу компютерлік жүйесі жиынтығы, жапон, неміс фирмаларының ең соңғы рентген, стоматологиялық, лор және офтальмологиялық қондырғыларымен жабдықталған.

 

Атырау темір жол ауруханасы әкімшілігі